Бөбек балабақшасы
ясли-сад "Бөбек"

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Қызықты математика әлемі» тақырыбында мектепке даярлық тобында ашық оқу қызметі

Ақмола облысы,

Аршалы ауданы Жібек жолы ауылы,

«Бөбек» бөбекжайы  МКҚК

                  Тәрбиешісі: Нугуманова Багдат Туленбековна          

 

 

«Қызықты  математика әлемі» тақырыбында  мектепке даярлық тобында ашық оқу қызметі
 

Білім беру саласы: Таным. Қатынас.
Оқу қызметі:  ҚМТҚ. Сөйлеу дағдылары. Құрастыру.
Тақырыбы: «Қызықты  математика әлемі».
Мақсаты:  Білімдерін тиянақтау жеке және топтық жұмысқа бейімдеу,сонымен қатар сөйлеу қабілеттерін, ұсақ қол маторикаларын дамыту, балаларға ойнау арқылы оқыту әдісін және де блок текше әдісін қолдану.

Әдіс-тәсіл:  Сұрақ- жауап, әңгімелесу, мадақтау
Білімділік: Балалардың қарапайым математикалық түсініктерден алған білімін тиянақтау, геометриялық пішіндерді танып, ажырата білуін жетілдіру, қарапайым сан мен санау түсініктерін қалыптастыру, математикалық жұмбақтар шешу.
Тәрбиелік: Ойынның шартын сақтап ойнауға, ұйымшыл, көпшіл, шыдамды, сабырлы, шапшаң болуға тәрбиелеу.
Дамытушылық: Сандарды тура, кері санауға үйрету, логикалық ойын арқылы баланың қиялын, ой — өрісін, есте сақтау қабілетін дамыту, балалардың зейінін дамыту;
 

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
Тәрбиеші:

- Сәлеметсіңдер ме балалар . Бүгінгі көңіл -күйлерің қалай?

 –Жақсы

Жарайсыңдар! Балалар, бүгін біз үшін ерекше оқу қызметі. Бізге бүгін көп қонақтар келіпті.
— Балалар қазір жылдың қай мезгілі? /- Қыс./

-Далада ауа райы қандай?

- Суық

- Дала суық болса да біздің жүрегіміз жылы мейірімге толы, солай ма балалар олай болса қане ортаға келіп бір -бірімізгі жылулық сыйлайық .

Мотивациялық — қозғаушылық: Амандасу
Қуанамыз біргеміз

Бөлінбейді іргеміз.

Аясында доостықтың,

Бір жүреміз күлеміз.

Амансың ба алтын күн,

Амансың ба көк аспан,

Амансың ба достарым,

Сендерді көрсем қуанамын!

Балалар бәрің бері қараңдаршы үстелдің үстінде 1 мен2 деген сандар тұр. Енді осы сандарды алып екі топқа бөлемін. Кім 1деген сан алса олар бірінші топ, ал кім 2 деген сан алса олар екінші топ болады.

Ал біз өткен оқу қызметінде 1 ден 10 ға дейін тура және кері  санап үйренгенбіз. Қане кім санап береді екен? Бірінші топтан кім санайды? (екі топтан бір-бір баладан санайды)

Жарайсыңдар. Енді менің сендермен ойын ойнағым келіп тұр . Ойнаймыз ба? Ойынымыз «Кім жылдам?» деп аталады. Олай болса бірінші топтан бастайық.

Ойынның шарты: Алдарыңда әр түрлі түстер берілген, қазір мен осы түстерді атаймын сендер мына ыдыспен тез тауып үстінен басып отырасыңдар. Мұқият болып, жылдамдық танытыңдар, Ойынға деген белсенділікті арттырамыз. Қане орнымыздан тұрамыз. Ойынға дайындаламыз. Мен түсті айтамын сендер зейін қойып жылдамдық танытыңдар.

Енді екінші топпен ойын ойнайық.

 Еінші топтың алдында сандар жасырылған екен. Мен осы сандарды айтамын сендер сандарды тауып жылам ыдыспен жауып қаласыңдар. Ойынымызды бастайық кім жылдам екенін көреміз.

Тағы да ойнаймыз ба ? Олай болса келесі ойынымыз

«Көңілді пішіндер» деп аталады.

Ал балалар біз қандай пішіндерді білеміз ?

Төртбұрыш, тік төртбүрыш, үшбұрыш, домалақ, сопақша. Жарайсыңдар.

 Мен сендерге ойын шартын түсіндірейін. Мына ұяшықтарға түсіне қарай пішіндерді орналастырыңдар. Дұрыс орналастыруға тырысамыз.Екі топ болып жарысамыз. Кім жылдам орналастырады екен.

Енді балалар бір серігіп қимылды ойын ойнайық. Ойынның аты

 «Тура және кері санап тез кел». Қане бәрің бері келіңдер. Мен мұнда 1-10ға дейінгі сандарды тастадым сол сандармен санап арғы бетке барып қайтарда кері санап  қайтамыз. Түсінікті болса ойынымызды бастаймыз. Жарайсыңдар, балалар. Енді орынымызға отырайық. Келесі қызықты ойынымыз

«Сиқырлы саусақтар» деп аталады.

Ойынның шарты:  Мына жерде көріп тұрсыңдар саусақтың жоғары жағында сандар берілген,сол сандарға сәйкестендіріп ортасында тұрған кішкене шарларды орналастырамыз. Ал онда бастайық. Керемет жарайсыңдар.

Енді біздің саусақтарымыз шаршап қалған шығар қане саусақ жаттығуын жасап жіберейік.

 Санамақ. Нешеуміз
Бір үйде нешеуміз?
Кел, санайық екеуміз.
Бас бармағым - әкем,
Балалы үйрек – анам,
Ортан терек - ағам,
Шылдыр шүмек – мен,
Кішкене бөбек – сен.
Бір үйде біз нешеуміз?
Бір үйде біз бесеуміз.

Бір демалып алсақ келесі ойынымызды ойнайық. Ол ойынның аты «Адасқан сандар» деп аталады, яғни көршісін табуымыз керек.

Шарты:  Шашылып жатқан сандарды көршілерін тауып беруіміз керек.

Құрастыру берілген пішіндерден сурет бойынша құрастырып жапсырамыз.

Қортынды, Сұрақ, жауап

Жылдың қай мезгілі?/ Қыс

Қыс мезгілінде неше ай бар? / Үш

Айларын ата Желтоқсан,Қаңтар. Ақпан

Бір аптада неше күн бар?/жеті

Айтып шығамыз!

Бүгінгі  оқу қызмет ұнады ма?./ балалардың жауабы.

Мадақтау! Қоштасу!

 

 

 

 

 

 

 

Жаңартылған күні: 10.02.2023 00:16
Құрылған күні: 22.02.2023 12:00

Текст