Бөбек балабақшасы
ясли-сад "Бөбек"

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Тақырыбы: «Үйшік» ертегісін сахналау

10.02.2023

Ақмола облысы,

Аршалы ауданы Жібек жолы ауылы,

«Бөбек» бөбекжайы  МКҚК

                                                     Тәрбиешісі: Терекбаева Гулзат Сакенқызы

 

 

 

Тақырыбы: «Үйшік» ертегісін сахналау

Мақсаты: Балаларды үйшік ертегісімен таныстыру. Ертегінің мазмұнын түсіндіру арқылы сөздік қорын, сөйлеу мәдениетін, ойлау қабілетін қалыптастыру.

Ертегіні сахналауға, достық қарым-қатынасты бағалай білуге баулу.

Көрнекіліктер: тышқан, бақа, түлкі, қоян, аю суреттері және үйшік.

Блингвальды компонент: үйшік-теремок

Сөздік жұмыс: үйшік

Жүрісі:Жазық далада бір үйшік тұр. Шиқылдауық тышқан тоқтай қалып сұрайды:
Адия-Үйшік-үйшік! Кім үйшікте тұрады?
Ешкім үн қатпады. Тышқан үйшікке кіріп өмір сүреді. Бақылдап бақа келеді:
Жұлдыз - Үйшік-үйшік! Кім үйшікте тұрады?
Адия — Мен, шиқылдауық тышқанмын.
Жұлдыз — Ал мен, бақылдаған бақамын.
— Кел, бірге тұрайық! — деп бақа мен тышқан үйшікте бірге өмір сүреді. Секеңдеп қоян келеді. Тоқтай қалып сұрайды:
Аяла - Үйшік-үйшік! Кім үйшікте тұрады?

Адия - Мен, шиқылдауық тышқанмын.
Жұлдыз - Мен,..бақылдаған бақамын.
— Ал сен кімсің?
Аяла - Мен, секеңдеген қоянмын.
— Кел, бізбен тұр!
Енді олар үшеуі үйшікте тұрады. Терезені түлкішек-әпке тоқылдатады:
Айзере - Үйшік-үйшік! Кім үйшікте тұрады?
Адия - Мен, шиқылдауық тышқанмын.
Жұлдыз - Мен, бақылдаған бақамын.
Аяла - Мен, секеңдеген қоянмын.
— Ал сен кімсің?
Айзере - Мен түлкішек-әпкемін.
— Кел, бізбен тұр!
Енді олар төртеу болады.
Жүгіріп келіп есіктен сұр қасқыр сұрайды:
Ибрагим - Үйшік-үйшік! Кім үйшікте тұрады?
Адия -  Мен, шиқылдауық тышқанмын.
Жұлдыз - Мен, бақылдаған бақамын.
Аяла -  Мен, секеңдеген қоянмын.
Айзере - Мен, түлкішек-әпкемін.
— Ал сен кімсің?
Ибрагим - Мен, сұр қасқырмын.
— Кел, бізбен тұр! Енді олар бесеу болады. Барлығы көңілді өмір сүріпті, ән айтыпты.

Бір күні қорбаңдаған аю үйшіктен шыққан дауыстарды естіп,

тоқтап айқайға салады:

Мөлдір - Үйшік-үйшік! Кім үйшікте тұрады?
Адия - Мен, шиқылдауық тышқанмын.
 Жұлдыз -  Мен, бақылдаған бақамын.
Аяла - Мен, секеңдеген қоянмын.
Мөлдір -  Мен, түлкішек-әпкемін.
— Мен, сұр қасқырмын.
— Ал сен кімсің?
 Мөлдір -  Мен, қорбаңдаған аюмын.
— Кел, бізге!
Аю кірейін-кірейін деп, кіре алмайды.
— Мен, шатырда тұрайын.

— Бізді басып қаласың.
— Жоқ, қорықпаңдар.
— Жарайды, шық.
Аю отыра қалғанда үй: «тарс» — етіп құлады.
Үйшіктен аман-есен: тышқан, бақа, қоян, түлкі, қасқыр қашып шықты. Барлығы бірігіп бөрене тасып, тақтай аралап үлкен үй салуға кірісті. Үйшіктері үлкен, биік, әдемі болып шықты!

 

Күтілетін нәтиже:

Біледі: ертегі кейіпкерлерін тани біледі.

Игереді: сахналау арқылы мазмұнын игереді.

Меңгереді: ертегіні зейін қойып тыңдап, кейіпкерлердің көңіл-күйін меңгереді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотров: 3941


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст